Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Енді жаңа пәтерін екі жылға жетпей сатқандар салық төлейді

Келер жылдан бастап елде алған пәтерін екі жылға жетпей сатқандар мемлекетке ақша төлейді, деп хабарлайды Qandastar.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, сатушы қосылған бағаға 10% мөлшерінде табыс салығын төлейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Айгүл Аббасованың мәліметінше, бұл тәртіп жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты.

«Айта кететіні, 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі. Мысалы, баспананы сату кезінде 36 миллион теңгеден артық қосылған бағаға салық мөлшері 15% болады. Ал 36 миллион теңгеден төменге 10% мөлшерінде салынады», – деді Айгүл Аббасова.

Қаңтардан бастап Қазақстанда азаматтар алған жылжымайтын мүлікті екі жылға жетпей сатса, мемлекетке табыс салығын төлеуге міндетті болады. Бұл ереже жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. Бұған дейін үйді салықсыз сату үшін тек 1 жыл күту жеткілікті еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button