Жаңалықтар

BI Group акционерлеріне 32 миллиард теңгеден астам дивиденд төлемек

Қазақстандағы ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group акционерлеріне 32,3 миллиард теңгеден астам дивиденд үлестірмек. Бұл туралы qandastar.kz порталы хабарлады.

Мәліметке сай, 2024 жылғы таза пайда көлемі 76,03 миллиард теңгені құраған. Оның 43,7 миллиарды компанияның өзінде қалып, даму мен инвестициялық жобаларға бағытталады. Ал акционерлерге төленетін сома — 32,31 миллиард теңге. Бұған дейін BI Group 24,8 миллиард теңге төлеуді жоспарлаған еді, алайда шешім қайта қаралып, қосымша 7,4 миллиард теңге бөлінген.

Компанияның негізгі иесі — Айдын Рақымбаев, ол Forbes Kazakhstan байлар тізімінде оныншы орында тұр. Кәсіпкердің дәулеті 967 миллион доллар деп бағаланады. Рақымбаев елдегі ең ауқатты құрылыс саласының өкілдерінің бірі саналады, ал BI Group қазақстандық құрылыс нарығында жетекші орында.

2025 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша, компанияның жиынтық активтері 1,5 триллион теңгеден асқан, ал таза табысы—49,3 миллиард теңге.

 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button