Шоу бизнес

Ақбота Керімбекова өзін үйінен ешкім қумағанын айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Астанаға қоныс аударғаннан кейін әлеуметтік желіде тараған түрлі сыбыстарға жауап берді. Көпшілік оның «баласы мен келіні үйден қуып шықты» деген қауесетке сеніп, түрлі пікір білдірген еді, деп жазды qandastar.kz

Әнші бұл ақпаратты жалған деп, өз шындығын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бұл не деген масқара? Ұлым ешқандай мінез көрсеткен жоқ, келініммен де араз емеспін. Астанаға көшуімнің себебі — шығармашылық жоспарларым. Мұндай сұмдық әңгімені кім таратты екен?
Жаңа ғана отау құрған жас отбасыны неге қаралайсыздар? Өз анасын сыртқа тебетін ұлдарым да, ұлын анасына қарсы қоятын келінім де емес!», — деп жазды Ақбота Керімбекова.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button