Жаңалықтар

«Тойдың қуыршағы болмау маңызды»: Роза Рымбаева қазіргі шоу-бизнес жайлы пікір білдірді

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қазіргі эстрададағы үрдістер мен өзінің өнерге деген көзқарасы туралы айтты. Әнші бұл ойларын журналист Қанат Тілеухан жүргізетін подкаст барысында бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz.

Өнер иесі той сахнасына жиі шықпау себебін түсіндіріп, шығармашылықтағы ұстанымын ашық айтты.

«Тойға шығатын әншілердің мақсаты – халықты билетіп, көңіл көтеру. Ал менің әндерім мен миссиям мүлде басқа. Мен үшін ең маңыздысы – тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу. Қазақ тыңдарманының музыкалық талғамын көтеру үшін еңбек етемін. Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды. Бірақ оған өкпелемеймін», – деді Рымбаева.

Халық әртісінің айтуынша, ол үшін басты құндылық – сапалы музыка мен кәсіби сахна мәдениеті.

«Сапалы музыка әрқашан бірінші орында болуы керек. Шынайы өнер коммерциядан жоғары тұруы тиіс. Ұлттық музыканың дамуында кәсіби орындаушылардың рөлі зор», – деп атап өтті ол.

Роза Рымбаева концерттік сахна мен шығармашылық жобаларға көбірек мән беретінін айтты. Әнші өнерді табыс көзі емес, рухани миссия деп санайтынын жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button