
Шымкентте мерекелік отшашудан кейін құрғақ шөптің өртенуі салдарынан өрт шықты деп хабарланды, деп жазады qandastar.kz
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт Нұрсат ықшам ауданында сағат 23:42-де басталған. Жалын 25 гектардан астам аумаққа таралды, алайда өрт сөндірушілер оны тез арада бақылауға алды.
«Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді, адамдар зардап шеккен жоқ», – деді Шымкент қаласы ТЖД өкілдері.



