
Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева саясатқа араласпайтынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
Әнші журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында үш рет депутаттыққа ұсыныс түскенін, бірақ барлығынан бас тартқанын мәлімдеді.
«Мен үш рет депутаттыққа ұсынылдым. Екі рет – “Нұр Отан” партиясынан, бір рет – Бостандық ауданы әкімдігінен. Бірақ мен саясаткер де, заңгер де емеспін. Менің өмірім – өнермен байланысты», – деді Роза Рымбаева.
Өнер иесі кей әріптестерінің саясатқа атақ пен мәртебе үшін баратынын да сынға алды.
«Депутат болып отырған әншілер мен актерлер бар, бірақ олардың нақты қандай жұмыс атқарып жатқанын білмейміз. Көбісі жай ғана мәртебе үшін барды деп ойлаймын», – деді халық әртісі.



