
Қырғызстан құқық қорғау органдары бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты ұлтаралық араздық қоздырды деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Сот сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, іздеуге берді, деп жазды qandastar.kz
Тергеу дерегінше, 21 қазанда тараған бейнежазбаларда Екатерина Бивол қырғыз халқына қарсы өшпенділік тудыратын пікірлер айтқан. Бұл іс Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы («Нәсілдік, этникалық немесе ұлттық араздықты қоздыру») бойынша қаралуда. Кінә дәлелденсе, 5–7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



