Шоу бизнес

«Апайларымды құттықтаймын»: Мөлдір Әуелбекова мемлекеттік марапат алмағанына қынжылды

Tанымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өз өкінішін жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz

Республика күні қарсаңында өнер саласындағы көптеген әріптестері мемлекеттік марапаттармен қуанып жатқанда, Әуелбекова олардың қатарында болмағанын жазды.

«Барлық өнер иелерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын! Әсіресе, өзімнің АПАЙларымды! Шынында да лайықсыздар! Маған әзірге ешқандай марапат бұйырмады. Бірақ әкемнің гүл шоқтары – мен үшін ең қымбат сый. Ал нағыз марапат – сіздердің қолдауларыңыз», – деп бөлісті әнші.

Желі қолданушылары мен әріптестері оған жылы пікірлер жазып, қолдау білдірді.

«Сізге “Халық әртісі” атағы әлі бұйырады»,
«Халықтың ықыласы – ең үлкен марапат»,
«Сіз бұған әбден лайықсыз», – деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button