Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары әрі экс-депутат Бақытгүл Хаменованың тойда бой көрсеткен сәті әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. «Бәсе» таратқан бейнежазбада оның алдыңғы қатарда, шенеуніктер мен полиция қызметкерлерінің ортасында тұрғаны байқалады, деп хабарлайды qandastar.kz
Бақытгүл Хаменова бұған дейін Абай ескерткішін орнату ісінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі бойынша ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.
Атырау облыстық сотының мәліметінше, сот үкімі әзірге орындалмаған, себебі Хаменованың екі кішкентай баласы бар. Осыған байланысты жазаны өтеу мерзімі үш жылға кейінге қалдырылған.


