Атырау облысының Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылында егде жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады qandastar.kz. Белгісіз адам қарттың үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын шашқан.
Оқиға салдарынан әйелдің көзі жарақат алып, көру қабілеті нашарлаған. Қарақшы үйден алтын бұйымдарды алып, ізін суытқан.
Қазір полиция күдіктіні анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.