Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова көптен бері барғысы келген елге виза алғанын айтып, қуанышын желідегі жазбасында бөлісті, деп хабарлады qandastar.kz.
Ол бұл жаңалықты ерекше көңіл-күймен қабылдағанын айтып, виза алу процесі өзіне шабыт сыйлағанын жеткізді.
Желі қолданушылары жұлдыздың АҚШ-қа жол тартпақ екенін болжағанымен, актрисаның бұл елге он жылдық визасы бұрыннан бар екені белгілі болды.
«Мұхиттан асып, жалғыз қалай барамын?» — деп жазды ол әзіл-шыны аралас Stories-те.
Кейінірек Әбдікәрімова виза алған елдің Күншығыс елі екенін, яғни Жапонияға баруға дайындалып жүргенін айтты.



