Жаңалықтар
КАТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАЛҒАРДА ЭКОҚАЛАШЫҚ ТҰРҒЫЗУ ЖОСПАРЛАНДЫ
Қатарлық инвесторлардың қатысуымен Талғар қаласында эко қалашық тұрғызу жоспары бар. Бұл екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласында жоспарлаған жобалардың бір бөлігі ғана.
Ертең екі ел басшыларының қатысуымен өтетін іскерлік форумда оларды жүзеге асыру кеңірек тақыланбақ. Тараптар алдағы уақытта тиімді келісімдердің санын көбейтуге ниетті.
Атап өткен жөн, екі мемлекет арасында байланыс орнағалы Катардан Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция көлемі 75,9 миллион АҚШ долларын құрайды.
Елімізде бірнеше катарлық компания жұмыс істеп, мұсылман мемлекетінде кәсібін дамытып жатқан қазақстандық бизнесмендер де бар. Ілияс Әмірғалиев, кәсіпкер: – Газ-мұнай саласында келіп бастап, осында тіркеп осындай араб елінің қалаларына тіркеліп, зауыттарына кіріп жұмыс бастап жатырғанымызд көрсін деп білсін деп келдік.
Бұйыртса, дамимыз, өсеміз, Қазақстанға инвестиция алып келеміз. Қазақстандық мамандарды жұмыспен қамтимыз деген мақсатта келіп отырмыз. Алмас Құдайберген, Қазақстан-Катар сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы: – Инвестициялық климатты қарасақ өздеріңіз білесіздер, бұл жерде салық жоқ десек болады. Бірінші кезекте ауылшаруашылығы саласына үлкен инвестиция құюы мүмкін. Себебі бірнеше жоба қазір талұқыланып жатыр. Тағы да қарасақ, мұнай және газ саласында Катаргаз, Катар энерджи үлкен ұлттық компаниялары Қазақстанға келуі мүмкін. Қаржы саласында банктері Қазақстанда келешекте жұмыс істейді деп үміттенеміз.