Жаңалықтар

“Терпиласыңдар ма?»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа ашық жауап берді

Ринат Зайытов аудиожазбада Бекболат Тілеуханнан белгілі бір мәселе бойынша пікір сұрап, ел ішіндегі алауыздыққа алаңдаушылығын білдірген, деп жазады qandastar.kz

«Қазақты қазаққа айтақтап жатқандары қалай? Бұл әдейі іріткі салу сияқты. Осы туралы сізбен сөйлесіп, ақылдасайын деп едім», – дейді депутат өз хабарламасында.

Ал Бекболат Тілеухан депутаттың сауалына қатқыл жауап қайтарды.

«Дұрыс айтасың, айтақтап жатқандар бар. Бірақ соған еріп жүрген өзің. Кластасың айтып еді ғой, “аға, Ринат ішіп-шегіп алып айта береді” деп. Сол рас шығар», – деді ол бейнеүндеуде.

Ол сондай-ақ қоғамдағы айтыс-тартыстың түп-тамыры өзара жаулықта екенін айтып, тарихтан мысал келтірді.

«Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да, бәрібір жапалақ өледі. Соңында қазақтың өзі зиян шегеді. Кезінде Ахмет пен Міржақыптарды да өз қазағы құрбан етті ғой», – деді Тілеухан.

Сөзінің соңында ол Ринат Зайытовқа тікелей ескерту жасады.

«Сендер мені көзден кетіруге тырыссаңдар, өздерің зиян шегесіңдер. Бұл не – тексіздік пе, әлде мас күйде айтқандарың ба? Әлде бәріне төзетін “терпиласыңдар” ма? Мұны қалай түсінуге болады?» – деп мәлімдеді Бекболат Тілеухан.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button