Жаңалықтар

Тергеу не дейді: Бабақұмаровты екі рет сотты болған танысы өлтірген

Астанада бұрынғы мемлекеттік қызметкер Ержан Бабақұмаровтың өліміне байланысты тергеу басталды. Оқиға 29 қазан күні шамамен сағат 23:00-де елорданың «Millennium» тұрғын үй кешенінде болған, деп жазды qandastar.kz

Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері 36 жастағы Ербол Кәукетайдың пәтерінен Бабакумаровтың мәйітін тапқан. Ербол Кәукетай бұған дейін екі рет сотталған: алғаш рет 2010 жылы қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін (ҚК 106-бабының 2-бөлігі), ал екінші рет 2025 жылы орташа ауырлықтағы жарақат келтіргені үшін (ҚК 107-бабының 1-бөлігі) жауапқа тартылған.

Тергеу мәліметінше, Кәукетай мен Бабақұмаров 25 қазанда танысқан. Кәукетай сатқан спорттық аяқ киімге байланысты танысқан ер адамдар кейін бірге ішімдік ішкен. Кештің соңында араларында кикілжің туындап, төбелес шыққан. Кәукетай бірнеше рет соққы жасағаннан кейін Бабакумаров өзін жайсыз сезініп, құлап түскен.

Күдікті дереу анасын шақырып, оның кеңесімен жедел жәрдемге хабарласқан. Алайда дәрігерлер келген кезде Ержан Бабақұмаровтың көз жұмғанын анықтаған.

Еске сала кетсек, марқұм 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін ол бірнеше рет құқық бұзушылықтармен көзге түскен.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button