Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері TikTok әлеуметтік желісін тиімді пайдаланып, жылына жүздеген миллиард теңге пайда көріп отыр, деп хабарлайды qandastar.kz.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok платформасының бірлескен зерттеу қорытындысына сәйкес, 2024 жылы отандық кәсіпкерлердің TikTok арқылы тапқан табысы 219-дан 438 миллиард теңгеге дейін жеткен.
Зерттеу барысында 308 кәсіпкер сұхбатқа қатысып, олардың әр алтыншысы табысының кем дегенде жартысы TikTok арқылы қалыптасатынын айтқан.
Сондай-ақ, Астана мен Алматыда орналасқан компаниялардың төрттен бірі бұл платформаны бизнесін жарнамалау және сату арнасын кеңейту құралы ретінде белсенді пайдаланып келеді.
Мамандардың пікірінше, TikTok бүгінде тек ойын-сауық алаңы ғана емес, кәсіпкерлерге жаңа клиент тартуға, өнімді таныстыруға және брендті дамытуға мүмкіндік беретін маңызды маркетингтік құралға айналған.



