Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева сұхбаттарының бірінде өмірден өткен жары – Тасқын Оқаповты сағынышпен еске алды, деп хабарлайды qandastar.kz
Өнер иесі марқұм жұбайының өз өмірі мен шығармашылығындағы рөлін ерекше атап өтіп, оған тең келетін адамды кездестірмегенін айтты. Сондай-ақ ол екі ұлын өзі өсіріп, тәрбиелегенін жеткізді.
«Күйеуімді жиі еске аламын. Өнерде де, өмірде де жалғызбын. Маған жанкүйер, өнерімді сүйетін жандар бар, бірақ мен бәрін Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды көрмедім, тіпті іздеген де емеспін. Екі балама әрі әке, әрі ана болдым. Менің биікке жетуіме Тасқынның махаббаты мен еңбегі, шығармашылығы мен білімі тікелей себеп болды. Жас ұлғайған сайын оның қадірін бұрынғыдан да жақсы түсінесің», – деді әнші.



