Жаңалықтар

Абай мен Ділдә жайлы әзілінен кейін сынға қалған журналист көз жасына ерік берді

Журналист әрі деректі фильм авторы Әлия Әшім Абай мен Ділдә туралы айтқан қалжыңынан кейінгі жағдайды еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды qandastar.kz. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында әңгімеледі.

Әлияның айтуынша, оқиға орын алған сәтте ол әлеуметтік желідегі дау көлемін бірден түсінбеген.
«Мен Facebook қолданбаймын. Сол себепті бастапқыда не болып жатқанын толық түсінбедім. Кейін Астанаға келген соң ғана мән бердім. Бұл жағдай мені әкеме жақындата түсті. Ол маған үлкен сабақ болды», — деді журналист.

Оның сөзінше, әкесі қызы үшін алаңдап, әлеуметтік желілерде қызын қорғай бастаған.
«Әкем Facebook-та мен жайлы жазған әр адамға жеке хабарласып, егер тағы да жала немесе ауыр сөз жазылса, сотқа жүгінетінін ескерткен. Ол мен үшін үлкен тірек болды», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Әшім тарихи сапар кезінде Абай мен жары Ділдә тұрған үйді таныстырып жүріп, «Абай мен Ділдә неткен бөлме» деп әзілдеген видеосы желіде тарап кеткен еді. Бұл сәт көпшіліктің наразылығын тудырып, қызу талқыланған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button