ӘкімЖаңалықтар

Астананың әкімі қызметіне қатысты қауесетке нүкте қойды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен өткен кездесу барысында өзінің қызметінен кетіп, жоғары лауазымға тағайындалады деген әңгімелерге түсініктеме берді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Нұра» ықшамауданындағы «Үркер» тұрғын алабында өткен кездесуде қала басшысы бұл туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Дәл өзіңіз айтқандай, бұл – жай ғана қауесет. Мұндай өсек-аяңға сенудің қажеті жоқ. Сондықтан мен бұған ресми түрде пікір білдіруді орынсыз деп санаймын», – деді Жеңіс Қасымбек.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button