Белгілі тележүргізуші әрі журналист Гүлназ Әлімгерей мен оның жұбайы, полиция полковнигі Нұрділдә Ораз ұлдарын үйлендіріп, құда-құдағи атанды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты Гүлназ Әлімгерей өз парақшасында жариялады.
«Ал, ағайын, енді ресми түрде құда-құдағи атандық! Ізгі тілектеріңізге үлкен рақмет», – деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары танымал жұпты құттықтап, жылы тілектерін жолдады.
«Құтты болсын! Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер», – десе, тағы бірі: «Құда-құдағи жап-жас көрінеді», «Үлгілі отбасы, жастардың бағы ашылсын!» – деген пікірлер қалдырған.



