
Қайғылы жағдай Атырау облысының Құрманғазы ауданында болған. Сол ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 36 жастағы басшысы Қуаныш Мұсаұлы Имашев өзіне қол салған, деп жазды qandastar.kz
Алдын ала деректерге сәйкес, ол отбасындағы жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазір оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Құрманғазы ауданында тіркелген суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Өңір әкімдігі тергеу жүріп жатқандықтан, бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартқанын айтты.



