
Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова алғаш рет бұрынғы жары, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен болған некесі туралы ашық әңгімеледі. Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында 14 жыл бұрын ажырасуға алып келген себептер мен сол кезде бастан өткерген ауыр кезеңдерін айтып берді, деп жазды qandastar.kz
Мөлдірдің сөзінше, бәрі Тұрсынбектен келген қысқа хабарламадан басталған.
«Бір күні ол маған “Ажырасамыз ба?” деген СМС жіберді. Сол сәт өмірімді өзгертті. Кейін оның басқа әйелмен жақын араласып жүргенін естідім. Пәтер, көлік, қымбат сыйлықтар алып бергенін білгенде, жүрегім қан жылады. Бұл мен үшін ең ауыр соққы болды. Тіпті өмірден түңілген кездерім де болды», – деді ол көзіне жас алып.
Әншінің айтуынша, қазір олардың балалары әкесін жиі еске алады, суретке түсіп “әкеме көрсетші” деп сұрайды екен. Алайда бұрынғы жұбайлардың әлеуметтік желілерде бір-бірін бұғаттап тастауы балалардың байланысын қиындатқан.
«Балалар әрдайым әкесін іздейді. Кейде ескі суреттерге қарап, “мам, мынау әкем ғой” дейді. Мен де кей сәттерде өткенді еске алып, сол күндерді сағынамын. Бір рет өзім де жазып, “кездесейік” дегенмін. Бірақ ол ешқашан хабарласып, кешірім сұраған жоқ», – деді Мұқанова.
Осылайша, Мөлдір Мұқанова бұрынғы некесінің күйреу себептерін алғаш рет ашық айтып, жүрегіндегі жарасын жасырмай бөлісті.



