Атырауда 66 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz
Полиция мәліметінше, зейнеткер теміржол вокзалы маңындағы үйлерге барып, тұрғындарға ақырзаман жайлы діни мазмұндағы кітапшалар таратқан.
Облыстық Дін істері басқармасы оның ешбір діни бірлестікке қатысы жоқ екенін, мұндай әрекетті өз бастамасымен жасағанын хабарлады.
Құзырлы органдар әйелге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 және 490-баптары бойынша іс қозғап, әкімшілік шаралар қолданған. Бұл баптар ұсақ бұзақылық пен діни материалдарды рұқсатсыз тарату секілді құқық бұзушылықтарды қамтиды.
Полицияның мәліметінше, азаматша бөлімшеге жеткізіліп, алынған діни материалдар дінтану сараптамасына жіберілді.



