ЖаңалықтарМәдениет

«Жаңа тыныс беремін»: Батырхан Шүкеновтың баласы жаңа альбомға кіріскенін айтты

«Еуразия» бірінші арнасының «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасына қазақ музыкасының жарық жұлдызы, марқұм Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт Шүкенов қонақ болып, әкесі жайлы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz

Мақсұттың өзі де әкесі сияқты ән өнеріне бет бұрған жас орындаушы. Бағдарлама жүргізушілері Батырхан Шүкеновтің отбасындағы бейнесі туралы сұрағанда ол әкесін ерекше жылылықпен еске алды.

«Үйде ол өте сабырлы адам болатын. Көп жұмыс істейтін, шаршап келетін сәттері жиі еді. Бірақ үйге келгенде фортепианоның алдына отырып, жан тыныштығын табатын. Сол сәттер — менің ең қымбат естеліктерім. Өте мейірімді, мықты әке еді», – деді Мақсұт Шүкенов.

Әнші әкесінің шығармашылығына құрметпен қарап, оның әндерін жаңа тыныспен қайта жаңғыртуды жоспарлап жүргенін айтты.

«Әкемнің барлық әнін жақсы көремін, әсіресе “Джулия” маған ерекше қымбат. Қазір оның әндерінен жаңа альбом дайындап жатырмын. Күтіңіздер, ол мінсіз болады», – деді ол.

Мақсұт жаңа альбом Батырхан Шүкеновтің музыкалық мұрасына арналғанын, ал бейнебаян түсіру идеясы да қарастырылып жатқанын жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button