Жаңалықтар

Абай облысында 3 студент көз жұмды

Абай облысында қайғылы жол апаты салдарынан Әлихан Бөкейхан университетінің үш студенті көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқиға Омбы–Майқапшағай тасжолының 615/706-шақырымында болған. Toyota Avensis жеңіл көлігі мен Howa жүк көлігі соқтығысып, салдарынан үш жолаушы қаза тапқан. Марқұмдардың барлығы Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері екені анықталды.

Оқу орнының басшылығы мен оқытушылары қаза болған студенттердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, ресми мәлімдеме жасады.

«2 қараша күні Бесқарағай ауданының Жыланды ауылы маңында болған жол апатында Заң факультетінің студенттері Нұрмағамбет Тұрарбеков, Рефхат Оңдабай, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Рустамбек Абдималиков қаза тапты.
Бұл — баршамыз үшін орны толмас ауыр қаза. Армандары мен үміті асқақ, белсенді жастарымыздың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын», — делінген университеттің ресми хабарламасында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button