Қызылорда облысында көкпар кезінде көлік бір емес, бірнеше жылқыны қағып кеткені жайлы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды qandastar.kz. Кадрларда жеңіл автокөліктің шабандоздар мінген аттарды соғып өтіп, тоқтамай оқиға орнынан кетіп қалғаны анық көрінеді.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жылқы жараланған, бірінің жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылында болған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір көлікті тізгіндеген жүргізушіні анықтау шаралары қолға алынған.
Тұрғындар көкпар кезінде қауіпсіздік ережесін күшейтуді және ұйымдастырушылардың жауапкершілігін арттыруды талап етті.



