Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық соты бүгін Алика Мұхамадиеваға Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарып, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды qandastar.kz
Алайда сот үкіміне сәйкес, Мұхамадиеваға Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша жазаны өтеуді кейінге қалдыру құқығы берілді. Бұл шешім оның екі жасар баласының болуына байланысты қабылданған.
Ресми ақпаратта атап өтілгендей, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енген өзгерістерге сай, 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген кейбір ауыр қылмыстардан басқа жағдайларда, кішкентай балалары бар әйелдер үшін жазаны өтеуді кейінге қалдыру міндетті нормаға айналды. Сондықтан Мұхамадиеваға қатысты бұл шара заңға сәйкес автоматты түрде қолданылған.



