Жаңалықтар

Абай облысында 11 жасар қыз жоғалып кетті

Абай облысында 2014 жылы туған Саяна Қадырғожина есімді 11 жасар қыз іздестіріліп жатыр. Полицияның хабарлауынша, қыз 3 қараша күні сағат 13:00 шамасында Севастопольская көшесі бойындағы №18 үйде орналасқан үйірмеден шыққан соң, үйіне қайтпаған, деп жазады qandastar.kz.

Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз. Құқық қорғау органдарының дерегінше, Саяна ерекше бақылауды қажет ететін бала, сондықтан оның қауіпсіздігіне алаңдаушылық жоғары.

Із-түссіз кеткен кезде қыз үстіне қызыл түсті күрте, көк джинсы, ашық түсті бас киім киген. Қолында қызғылт түсті сөмке болған. Саяна арықша келген, бойы шамамен 130 сантиметр, көзінің түсі – қоңыр.

Полиция басқармасы тұрғындардан кәмелетке толмаған қыз туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button