Қарағандыда «Үміт Самғау» атты қаржы ұйымы 400-ден астам адамды алдап, 100 миллион теңгеден астам қаражат жинаған, деп хабарлайды qandastar.kz. Компания өзін әлеуметтік көмек көрсету жобасы ретінде таныстырып, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсететінін айтқан.
Алайда тергеу барысында ұйымның салымшыларға 300%-дан 800%-ға дейін пайда түседі деп уәде бергені, ал төлемдердің жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен жүргізілгені анықталды.
Күдікті өз туыстары мен таныстарын тартып, олар арқылы терминалдар мен банк карталары арқылы ақша қабылдап отырған.
Қазір істі тергеу жалғасып жатыр. Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен көлігіне тыйым салынды.



