Жаңалықтар

«Мәсімовтің кеңесшісі болған»: Индира Елеместің түрмедегі экс күйеуі үйін заңсыз сатып жіберген

Белгілі әнші Индира Елемес билік пен құқық қорғау органдарынан көмек сұрап, өзіне тиесілі үйдің заңсыз сатылғанын айтты. Оның сөзінше, мүлікке бұрынғы күйеуінің ешқандай қатысы болмаған, деп жазды qandastar.kz

“Шынымды айтсам, жаным ауырып отыр. Қалай менің атымдағы үйді, менің рұқсатымсыз сатып жіберуге болады? Барлық түпнұсқа құжаттар менде. Бұл баспанаға бұрынғы жұбайымның қатысы жоқ, себебі ол уақытта біз некеде болмағанбыз. Ал ол қазір түрмеде жатып алып осындай іс жасап отыр. Сонда заң қайда?” – деп күйінді әнші.

Индираның айтуынша, ең ауыр соққы – балалардың болашағына балта шабылғаны. Ол үйде балаларының үлесі бар екенін және оны қорғау үшін соңына дейін күресетінін жеткізді.

Бұрынғы жұбайы Кәлелхан Иманмади – экс-премьер Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі болған. Бұған дейін кәсіпкер Алексей Пучков оны алаяқтық жолмен қаржы жымқырды деп айыптаған еді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button