Журналист Мөлдір Бақыт әлеуметтік желідегі парақшасында Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев пен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимерген арасындағы жағдайға байланысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ол жазбасында оқиғаның негізгі мәнін келтіріп, журналистердің депутатқа кулуарда қойған сұрақтарын атап өтті.
«Астанаға ауысарда облыста орныңызға осы әйелді қойып кеттіңіз бе?» – деп сұрап жатыр екен жаңа.
Мөлдір Бақыт Қырықбаевтың жауабына назар аударып, оның ұстанымын құрметтегенін жеткізді.
«Ол менің балам, тегімді бергем. Баламнан бас тартпаймын», – деді депутат.
Журналист бұл жауапты ер адам ретінде жауапкершілік танытқан әрекет деп бағалап, кей шенеуніктердің өз қателігін мойындаудан қашатынын сынға алды.
Алайда ол сонымен қатар маңызды сауал тастады, егер депутаттың ресми отбасы бар болса, бұл әрекет моральдық және қоғамдық тұрғыдан қабылданбайды деп жазады.
«Айтылады, талқыланады, шок боламыз, шулаймыз, осылайша қоғам дерті “емделеді”», – деп түйіндеді.



