Әлеуметтік желілерде «балам белгісіз вирусқа шалдықты» немесе «ауруханаларда орын жоқ» деген жазбалар көбейіп жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды qandastar.kz
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұлдың айтуынша, қазіргі уақытта маусымдық кезең сипатында тұмау мен COVID-19 вирустары таралуда. COVID-19-дың «Стратус» деп аталатын омикрон түрі тез жұғады, бірақ ауыр жағдайда ауруға шалдыққандар сирек кездеседі.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы эпидемиялық ахуал тұрақты екенін, қалада екі инфекциялық орталық жұмыс істейтінін хабарлады: бірі ересектерге, екіншісі балаларға арналған №3 көпбейінді аурухана.



