Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев қазіргі теледидар саласының проблемаларына пікір білдірді. Ол әлеуметтік желілер халыққа өз ойын білдіруге мүмкіндік берсе де, бұл телеарналардың маңызды рөлін жоймайтынын атап өтті, деп жазады qandastar.kz
Депутаттың пікірінше, телеарналар аутсорсингке сенім артуды доғару керек. Мысалы, жаңа жыл кештері мен әлеуметтік-саяси бағдарламаларды өз қызметкерлері жасап шығару арқылы сапаны арттыруға болады және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, Сәрсенғалиев қазақ журналистикасында тек осы салада білім алған мамандар жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. Ол блогерлер мен әншілерді жүргізуші етіп алу тенденциясына қарсы. Депутат мұндай қадам жастардың медиатаңдауын өзгертіп, кәсіби журналистиканы төмендетуі мүмкін деп санайды.
Айта кетейік, Қытайда жақында блогерлерге жаңа ереже енгізілді: медицина, заң, білім немесе қаржы саласында контент жасау үшін ресми біліктілік немесе сертификат талап етіледі.



