Чемпиондар лигасының төртінші турында алматылық «Қайрат» командасы Миландағы «Интермен» кездесіп, тартысты ойында 2:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Матч Джузеппе Меацца стадионында өтті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ италиялық клуб басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен Темірлан Анарбеков қақпасына бағытталған соққылардың көбін қайтарып, командасын голдан сақтап қалды.
Алматылықтар да қарымта шабуылдар арқылы есеп ашуға тырысты, бірақ «Интердің» қорғанысын бұзу қиынға соқты. Бірінші таймның соңында Лаутаро Мартинес дәл соққысымен алаң иелерін алға шығарды.
Екінші таймда «Қайрат» капитаны айып алаңында баспен соққы жасап, таразы басын теңестірді. Алайда көп ұзамай Карлос Аугустоның соққысы нәтижесінде «Интер» қайта алға шықты.
Қорытындысында, Миланда өткен кездесу «Интердің» жеңісімен аяқталды – 2:1.



