Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы бірқатар басшы жазаға тартылды

Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың бірнеше басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz

Жоғары аудиторлық палата биыл Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық ұйымдарының дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды қамтамасыз ету қызметін кешенді тексеруден өткізген. Тексеру барысында заң талаптарын бұзу және ұйымдастырудағы кемшіліктер анықталған.

Осы негізде Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры, Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры, Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары, «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының» директоры, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директорының орынбасары және «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тәртіптік жазаға тартылған.

Бұдан бөлек, 2024 жылғы 3 шілдеде «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Жоғары аудиторлық палатаның өзге де ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button