АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін екенін айтты, деп жазады qandastar.kz.
Орталық Азия елдері мен АҚШ басшыларының кездесуінде оған «Астанаға келесіз бе?» деген сұрақ қойылғанда, Трамп былай деп жауап берді.
«Мен ондай мүмкіндікті жібере алмаймын. Барлық бағыт өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын ешкім білмейді. Сіздің еліңіз табиғи ресурстарға бай және сіздердің президенттеріңіз – ерекше тұлға», – деді Дональд Трамп.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен АҚШ арасында 17 миллиард доллардан астам сомаға авиация, минералдық ресурстар және цифрлық технология салаларында жаңа келісімдерге қол қойылған болатын.



