Марат Әйтенов бұрынғы жұбайы Дана Әтешовамен медиативті келісімге қол жеткізді, деп жазды qandastar.kz
Айта кетейік, Марат Әйтенов – Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы.
2024 жылы екі тарап арасында жанжал туындады. Әйтенов бұрынғы әйелін үйден шығару кезінде әрекеті заңға сәйкес емес деп есептелді. Осы оқиғадан кейін екеуіне де бір-біріне «дене жарақатын келтірді» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған болатын.



