Жаңалықтар

Мемлекет қолдауы: 1 пайыздық ипотека кімдерге қолжетімді?

2025 жылдан бастап қазақстандықтар ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандар ретінде жылдық 1% мөлшерлемемен ипотека рәсімдей алады. Бұл “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы аясында жүзеге асады,  деп хабарлайды qandastar.kz

Өтінім беру онлайн түрде Baspana Market платформасында жүзеге асады. Жеке кабинет арқылы өтінім толтырылып, нәтижесі сол жерде көрсетіледі.

Бағдарламаның артықшылықтарына тоқталсақ, көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК, тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1%), максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты), несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Банктің мәліметінше, мұндай ипотекаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button