Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Омар Жәлелдің тоқалы күйеуін сотқа бермек

Белгілі ғалым, жазушы Омар Жәлелдің бұрынғы жұбайы Ләззат Мырзаш әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, оны сотқа беруге шешім қабылдағанын айтты. Бұл шешімге ол Омар Жәлелдің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасынан кейін келген, деп хабарлайды qandastar.kz

«Таңертеңнен бері көпшілік Омардың жазбасын жіберіп жатыр. Оқып шықтым. Сол жазбадан кейін оның өз сөзіне жауап бере алмай отырғаны және әкелік жауапкершіліктен бас тартқаны мені қатты қынжылтты. Сол себепті сотқа жүгінуді жөн көрдім. Өз балаларына құрмет көрсетпегені үшін сот арқылы әділдік іздеймін. Биыл шындықтың жылы болады деп сенемін. Егер маған заңгерлік көмек көрсете алатын адвокаттар болса, хабарласыңыздар», — деп жазды Ләззат Мырзаш парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін Омар Жәлел көп әйел алу тақырыбында өз көзқарасын білдірген болатын. Ол тоқал алу дәстүрі қазіргі заманда нәпсі мен мақтан үшін жиі жасалатынын атап өтті.

«Мен өз өмірімнен көрдім — тоқал алу береке әкелмейді. Бұрын бұл қажеттілік болса, қазір ол нәпсінің құлына айналған ұғым. Өз тәжірибемнен түйгенім: ұрпақ жалғастыру үшін бір әйел де жеткілікті. Нәпсіңді тыя білсең, ұрпағың да, берекең де болады», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол өткен қателіктерін мойындап, өз пікірінің кей азаматтарға теріс әсер еткенін де мойындады.

«Бұрын тоқал алу туралы жиі айтатынмын. Кейін сол сөздер іс жүзінде көрініс тапты. Бірақ соңы өкінішке әкелді. Қазір мен керісінше, “тоқал алмаңдар” деп айтамын. Бұл менің өз өмірімнен алған сабағым. Отбасының ынтымағын бұзбаңдар, алған жарыңды бағалаңдар. Ер адам әр сөзінің салдарын ойлауы керек. Мен өз қателігім үшін жауап беріп отырмын», — деді Омар Жәлел.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button