Алматы қаласында №50 мектептің маңында түсірілген видеода ер адам 13 жастағы қыз балаға жолығып, алғашында оны таксимен бірге баруға үгіттеген. Қыз баланың бас тартуынан кейін ол 100 000 теңге ұсынған, кейін соманы 300 000 теңгеге дейін көбейткен, деп жазады qandastar.kz.
Видеодағы ер адамның кім екені белгісіз. Аталған жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Айта кету керек, соңғы уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері жиілеп кетті.
– Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен видеодағы азаматқа қатысты шара қолдануды және тергеу жүргізуді сұраймыз. Сонымен қатар, видеодағы ер адамды таныған куәгерлерден полицияға дереу хабар беруін өтінеміз. Қоғам ІІМ-нен осы оқиға бойынша ресми түсініктеме күтеді, – делінген хабарладама.



