Астанада мүгелек болып қалған сарбаздың анасы Гүлмира Мұқажанова министрлік алдына барып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Жалғызбасты ана мемлекеттен көмек пен әділдік сұрап митингке шыққан.
«Балам Анарбек Сарбасов сияқты азаматтар ел намысын қорғауға аттанғанда, олардың қауіпсіздігі мен болашағы үшін мемлекет толық жауапты болуы тиіс еді. Бірақ өкінішке қарай, офицердің соққысына ұшырап, өмір бойы мүгедек болып қалған жігітке қажетті қолдау көрсетілмей отырғаны – үлкен қасірет», — деп ашуланды анасы.
Астанадағы наразылық акциясына тағы бір топ ата-ана шықты. Олардың талабы негізінен әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан немесе жарақат алған сарбаздардың өмірі мен құқығын қорғауға бағытталған. Олар Конституцияда бекітілген адам өмірінің ең жоғары құндылық екендігі және әркімнің өз құқығын қорғауға хақылы екендігі туралы баптарға сүйене отырып, нақты төрт талап қойып отыр:
— Мемлекет тарапынан міндетті өтемақы төлеу;
— Өтемақы төлеу тек материалдық көмек емес, мемлекет пен қоғам алдындағы әділет пен жауапкершіліктің көрінісі ретінде қарастырылсын.
Наразылық акциясына шыққан аналармен сөйлесуге Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан өкілдері шықты.


