Жаңалықтар

Таразда фосфор қоймасы жарылды — Зардап шеккендер жайлы ресми ақпарат жоқ

Тараздағы НДФЗ (Жаңа Жамбыл фосфор зауыты) аумағында  фосфор сақталатын қойма жарылды, деп жазады qandastar.kz

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде ауаға қою түтін көтерілген. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде түсірілген бейнежазбаларды жаппай таратып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде. Қазір төгіндінің көлемі мен себептері анықталып жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат таратылған жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button