2013 жылы Алматыда өткен «Сүйер ұлың болса, сен сүй» атты айтыс туралы оқиға халықты елең еткізді. Ақын Дәурен Берікқажыұлы осы шарада орын алған оқиға мен сахна сыртындағы жағдайларды баяндады, деп жазады qandastar.kz
Дау ақын Ринат Зайытовқа төмен баға берілгеннен кейін шыққан. Көрермендер ашуланып, тіпті сахнаға бөтелке лақтырған.
– Біз бір бөлмеде жиналып, не істеу керек деп ақылдастық. Сол сәтте халықтың ашуын басу мәселесі талқыланды. Сонда Бекболат Тілеухан: Бұдан кейін айтыс өткізсең, милиция әкеліп қой!» – деп қатқыл айтты, – деп еске алды Берікқажыұлы.
Сондай-ақ, айтыстың қаржылай жүлдесі әділ бөлінбегені де айтылады. Бас жүлде иегері Балғынбек Имашев уәде етілген 40 мың доллардың тек 12 мыңын ғана алған.



