ЖаңалықтарШоу бизнес

«Алимент те, пәтер де болады»: Олжас Абай бұрынғы әйеліне жауап берді

Танымал әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жұбайының сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Олжас Абайдың айтуынша, ол балаларына қажетті барлық материалдық көмекті көрсетіп келеді және ұлдарына арнап дайындалған пәтер де бар.

«Біз жеті жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз. Ұлдарым үшін қолымнан келгенін жасап жүрмін. Алиментті уақтылы төлеймін. Екі бөлмелі сыйға берілетін пәтер де дайын тұр, уақыты келгенде балаларға беремін», – деп жазды актер.

Сондай-ақ ол бұрынғы жұбайына қатысты өз ұстанымын ашық айтты.

«Ажырасқан әйелдің өзін мен неге бағуым керек? Өз жолын тауып, еңбек етіп, бақытты болсын», – деді Олжас Абай.

Әнші бұл жазбасымен көпшілік арасында талқылау тудырған отбасылық мәселеге өз көзқарасын білдіргенін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button