Жаңалықтар

Атырауда «Қайрат» клубының қақпашысы қол қойған доп 12 млн теңгеге сатылды

Атырауда өткен қайырымдылық аукционында «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолы қойылған футбол добы 12 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Біз өз еліміздің дамуына үлес қосып, еңбек етіп жатырмыз. Атырауым, сіздерді жақсылық жасап жарысуға шақырамын. Ендігі пас сіздерге», – деді футболшы өз сөзінде.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жиналған қаржы баспанасыз қалған бір отбасына үй сатып алуға жұмсалмақ. Сол отбасы шара кезінде залда болып, ризашылықтарын білдірді.

Допты сатып алған кәсіпкер – Атырау қаласының тұрғыны, бірақ ол өзінің есімін жарияламауды өтінген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button