Жаңалықтар

Үкімет цифрландыру қарқынын үдетті

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология, жер қойнауын пайдалану және денсаулық сақтау салаларындағы цифрлық жаңашылдықтар талқыланды, деп хабарлайды  qandastar.kz.

Күн тәртібінде елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен мемлекеттік деректерді бір жүйеге көшіру мәселелері қаралды.

Үкімет басшысы салааралық өзара байланысты күшейтіп, цифрландырудың нақты нәтижесін халықтың күнделікті өмірінде сезінуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруды тапсырды.

Жиында айтылғандай, барлық геологиялық деректер 2026 жылға дейін толық цифрландырылып, Астанада заманауи геологиялық зертхана салынбақ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button