Жаңалықтар

«Көз жасқа толды»: Абай Бегей жаңалығын бөлісті

Белгілі әнші Абай Бегей әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Қош келдің өмірге, кішкентай адам. Мұстафа, Симби! Тұңғыштарыңның бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын!» – деп жазды өнер иесі.

Абай Бегейдің қызы Сымбат пен күйеу баласы Мұстафа алғаш рет ата-ана атанды. Жас ананың өзі де эмоциясын жасырмай:

«Осы сәттің эмоциясын еш сөзбен жеткізу мүмкін емес… Жай ғана – ШҮКІР» – деп бөлісті.

Ал Абай Бегейдің жары Фариза ханым бұл сәттегі әсерін былай жеткізді.

«Жиен немеремізді алғаш көрген сәтіміз. Көзден аққан жас – қуаныштың, таза махаббаттың, перзент бақытының жасы».

Сондай-ақ ол Абай Бегейдің сезімге толы сәтін де баяндап өтті. «Симбиімнің өзі бөпем ғой менің, уже ана атанып жатыр ма?» деп, қатты толқыған сәтін де жасырмады.

Әулетке жаңа өмір, жаңа қуаныш келгені – үлкен бақыт! Кішкентай сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button