Жаңалықтар

«Өлетінін сезген»: Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңі жарияланды

Қазақтың танымал әншісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде көпшіліктің жүрегін елжіреткен жазбасын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz. Өнер иесі марқұм жары, қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы өз қолымен жазып кеткен соңғы өлең жолдарын алғаш рет көрсетті.

Әнші бұл жазбаны «Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерінен үзінді» – деп сипаттап, парақшасына сурет түрінде жүктеген.

Өлеңде өмірдің өткіншілігі, адам тағдыры мен жан сырын терең сезінген жүректің үнін байқауға болады. Көпшілік жазбаны толқумен қабылдап, пікір қалдырды:

«Өмірден өтерін сезгендей жазған екен…», «Мақпал апай, сіз – ел сүйген ердің жары болдыңыз, рухыңыз мықты!» – деп жылы лебіз білдірген желі қолданушылары аз болған жоқ.

Заманбек Нұрқаділов – ел есінде қалатын ерекше тұлға. Оның сөзі мен ісі, ұлтқа деген жанашырлығы әлі күнге дейін халық жадында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button