Шоу бизнес

«Отбасын бұзуға ар-ұят тосқауыл болса»: Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі еркектерді жауапкершілікке шақырды

Жақында ғана танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын айтқан блогер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жазба жариялап, онда әйелдерге тым көп жауапкершілік іліп қойған қоғам өзгергенін қалайтыны жазды, деп жазады qandastar.kz

Актерлікке бет бұрып, онымен қоса ән салып жүрген Мөлдір желі оқырмандарымен ой бөлісті.

«Кез келген нәрсе орнына келеді. Қираған дүние де! Бастапқыдай болмаса да, әйтеуір шала-жансар қалпын ұстайды. Өмір тек өкініштерден тұрмайды. Әр мұңның артында қуаныш бар! Міндетті түрде. Кешегі күйік бүгін төзімге айналды. Кешегі көз жас бүгін даналық! Сондықтан, күліп-ойнап өмір сүре берейік! Соңғы жарты айда «тағдырлас» отбасылардың көптігін көріп, таң қалып жатырмын. Өмірде ештеңеге таң қалуға болмайды, бірақ. Отбасы деген шағын мемлекетті сақтауға менің тарихым әсер етсе екен деймін! Балалар жыламасын, махаббат құламасын! Ер адамдар менің желіде ашық көрінген сезімдерімді, оқиғамды көріп, үйдегі асыл жарларының күйін түсінсе екен. Әйелге тым көп жауапкершілік іліп қойған қоғам өзгерсе екен. Отбасын бұзуға дейін баратын әрекетке ар-ұят тосқауыл болса екен. Жанұя деген асыл ұғымның алдында жауапкершілікті әр отбасы мүшесі сезінсе екен!», — деді Мөлдір Мұқанова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button