Шоу бизнес

«Бишимбаевтың иісі шығып тұр»: ер адамның қызбен танысу үшін 5 млн теңге сыйлаған видеосы талқылануда

Әлеуметтік желілерде жігіттің жомарт сыйлығын көрсеткен қыздың видеосы тарап кетті, деп жазады qandastar.kz

Бейнежазбада жігіттің қызға тек танысу үшін 5 миллион теңгені қолма-қол ақша бергенін көруге болады.

 «Таныстарымнан естідім, сенімен танысудың бағасы – 5 миллион теңге екен. Саған салған осы шағын инвестициям үлкен махаббатқа айналар деп үміттенемін», – деп жазған жігіт.

Видео авторының айтуынша, қыздың арманы – 5 миллион емес, «Гелендваген» екен.

Ролик 2,5 миллионнан астам қаралым жинап, қызу талқылауға себеп болды.

Көптеген қолданушылар мұндай көзге түсерлік жомарттық мінезі қауіпті адамның ісі  деп болжады.

«Қауіпті! Бишимбаевтың иісі шығып тұр», «Мұндай адамдар, негізі, қауіпті», «Абай бол», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Алайда кейбіреулер жағдайға әзілмен әрі қызғанышпен қарады:

«Мен де танысайыншы онымен, отбасым мен екі балам болса да»,

«Тегін танысуды дереу тоқтатыңдар, қыздар»,

«5 миллионға танысатын қыздың түрін көрсетіңдерші!» – деп қалжыңдады желі қолданушылары.

@anara.zaru Гелик сұрап жатыр,бұл қызық емес әпкеме😅🤩 #сестра #млн #цветы #гелик ♬ оригинальный звук — Kalzhan Zaru

Ұқсас Мақалалар

Back to top button