Белгілі кәсіпкер Индира Жақыпова өнер қайраткері Сәкен Майғазиевке қымбат сый ұсынды, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол әншіге бриллиант тастармен көмкерілген алтын Rolex сағатын тарту еткенін жазды.
«Сәкен ағама бриллиантпен көмкерілген алтын сағат сыйладым. Алла берушілердің қатарынан жазсын! Сәкен аға, игілігіңізге тағыңыз, өнеріңіз өрге жүзіп, ғұмырыңыз берекелі болсын», – деп жазды Индира Жақыпова.



